билет сатып алу жалға алу карта Жаңалықтар

Жаңалықтар

Құрметті достар!


Әдеттегідей қазан айының соңына дейін "MEDEÝ" MYZ AIDYNY" кешенінде жаңа мұз маусымына техникалық дайындық аяқталады. "Медеу" мұз айдынының ашылуы бүгінде Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. 48 жыл ішінде аты аңызға айналған мұз айдыны өз жұмысын ешқашан үзген емес, бірақ коронавирустық пандемия жағдайында, спорт кешенінің әкімшілігі қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарының денсаулығы мен өмірінен маңызды ештеңе жоқ екенін айқын түсінеді. Осыған орай сіздерден қосымша ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз.

_____________________________________________________________________________________________

 

СҮЙІКТІ МҰЗ АЙДЫНДЫ ЖАҢАРТУДАМЫЗ!


«Медеу» мұз айдынында "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Стадионның қасбет қаптамасы қалпына келтірілуде, барлығы сыланып, сырлануда. Жалға беру аумағының инфрақұрылымы түбегейлі өзгереді: 2-қабатта қонақтардың демалуына арналған үй-жайлар орналастырылмақшы, көрермендер мінбесіне және мұз жолдарына шығу жолдары пайда болады. Бұл жерде жаңа турникеттер орнатылып, жүк сақтауға арналған қосымша ұяшықтар орнатылмақшы. Мінбелердегі алғашқы үш қатар креслолар ыңғайлы лаундж-балкондарға өзгертілмекші. Мамандар мұз дайындау жүйесін қалпына келтіруде, өзеннен су алуға арналған гидротехникалық құрылыстың жобасы дайындалуда. Машина залының төбе жабындысы және нөсер жүйесі жөнделуде.

Оңтүстік баурайда жаяу жүргіншілер жолы мен демалыс аумақтары пайда болады, ал күзде ашық аспан астында конькимен сырғанау әуесқойлары құрылысшы, сылақшы, майлаушы және көгалдандырушылардың еңбектеріне лайықты бағасын береді.

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының негізгі мақсаты- жергілікті тұрғындарды жұмысқа жұмылдыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру үшін қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінеді, материалдардың 90 % отандық өндірістікі болуы қажет. Осы бағдарлама бойынша Алматы қаласының спорт басқармасы «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясымын» бірігіп осы жұмыстарды биік таулы «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» -да жүргізуде.

_____________________________________________________________________________________________

 

Қымбатты достар!


Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз үйлеріңізге құт- береке, молшылығымен, той- думанымен, көңіл шаттығымен енсін!

Сіэдерге және жақындарыңызға зор денсаулық пен мерекелік көңіл - күй тілейміз!

_____________________________________________________________________________________________

 

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!


Өкінішке орай, "Медеуде" жаппай сырғанаулардың тоқтатылғанын хабарлауға мәжбүрміз.

Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рахмет

_____________________________________________________________________________________________

 

"МЕДЕУ" - КОНЬКИШІЛЕР ҮШІН КІШІ ОТАН

 

Конькимен сырғанау спорты ардагерлері арасындағы "Medeu Master 's" жарысы осы маусымдағы "Медеу" мұз айдынындағы қорытынды жарыс болды. Сайыс аяқталғаннан кейін қатысушылар мұздан ұзақ уақыт кетпей жүріп алды. Олар жарқын наурыздық күн сәулесін бойларына сіңіріп, сырғанаудан ләззат алып, мұз айдынды рахаттана айнала сырғанады.

"Мен конькиде тұрмайтындардың барлығына осы өнерді меңгеруге кеңес беремін. Тілмен жеткізгізсіз ләззат,- дейді Екатеринбургтен келген Татьяна Епанешникова. – Жасым 60-та, ал мен 6 жастан бастап сырғанаймын. Жастар құрамасының мүшесі болдым, 24 жасында Медеуде өткен КСРО-ГДР-Норвегия матчын жүгірдім, одан кейін жүкті екенімді білдім. Спорттан кетіп, бала туып, дене шынықтыру мұғалімі болдым. 54 жасында мен мұзға оралып, ардагерлер арасындағы жарыстарға қатыса бастадым. Мен кезін.де жылына төрт ай бойы тұратын "Медеу" жайлы тамаша естеліктерді сақтадым, ондағы тау мен күнді қайта көру үшін осында қуанышпен оралдым! Конькидің астында жалтыраған мұз, керемет эмоциялар, достық атмосфера, күлімдеген адамдар! Бізді қанаттандырғандарыңызға рахмет және келесі жылғы кездесуге дейін!».

"Мен "Медеуге" алғаш рет келуім. Жас кезімде конькимен жүгіру спортымен айналыстым, 25 жасыма дейін екінші разряд бойынша жүгірдім, ал қазір 63 жасымда бірінші разрядпен жүгіремін, - дейді Екатеринбургтен келген Алексей Тютин.- Мұнда мұз керемет, бірақ оған үйрену керек. Біз Татьяна Епанешниковамен екі апта ішінде 11 қашықтық жүгірдік- ардагерлердің өмірі осы. Мен көптеген шетелдіктердің "Медеу" мұз айдынында сырғанағысы немесе тек барғысы келетінін білемін, өйткені бұл айдын- аңыз. Келесі жылы біз міндетті түрде қайта ораламыз, конькимен жүгіру спорты әуесқойларының биік таулы мұз айдыны туралы көбірек білуіне көмектесемін. Суреттерді желіге саламын, көрсететін дүние көп- таулардың айналасындағы мұз айдыны, тылсым табиғат және күлімсіреген адамдар!»

Нұр-Сұлтаннан келген Лейла Утегулованың коньки тебе бастағанына аздаған жыл болды, ол ардагерлер жарысын ұйымдастырумен айналысады. "Мен әуесқоймын, конькиге кеш тұрдым, - дейді ол. - 2014 жылы алғаш рет мұзға шығып, ақыры созылып кетті. Әрине, спортшылармен салыстырғанда, нәтижем жақсы емес, бірақ, сырттан қарағандағы: бірқалыпты қозғалыс, әсемдік, үйлесімділік өзіме ұнайды".

Санжар Хасанов жеті жасынан бері коньки тебу спортымен шұғылданып, "Медеуде" өскен. "15 жасымда жеңіл атлетикаға көшкенмін, бірақ коньки менің жүрегімде мәңгі қалып қойды. Қазір мен 38-демін, мен ешқашан конькиді тастамадым, рахаттану үшін сырғанадым. Бұл мұз айдынын жақсы көремін және бұл жерді конькимен жүгіру «Меккесі» деп есептеймін".

 

"Медеу" туралы естеліктерді спортшы және жаттықтырушы болған Ермек Ақылбеков те сақтайды. Оның ойынша, өз кезінде конькимен сырғанаушыларға жанкүйерлер қол шапалақтаған жалғыз мұз айдыны.

Михаил Ульянин конькимен жүгіру спортында 13 жасынан бастап жүр, қазір ол 43-те. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Корея мен Жапониядағы Азия ойындарында өнер көрсетіп, Солт Лейк Ситидегі Олимпиада ойындарына қатысып, Харбиндегі Азия чемпионатының жүлдегері болды және 2005 жылы спорттық мансабын аяқтады. "Спорт – бұл қозғалыс, қызықты өмір сүру мүмкіндігі, әр демалыс сайын мен сүйікті мұз айдыныма келемін, ал ардагерлер жарыстарында мереке атмосферасына, конькимен және достарыммен өмір сүремін".

"Мен 25 жыл спорттамын, ұлттық құрама сапында өнер көрсеттім, Солт Лейк Ситиден кейін Азия ойындарында өнер көрсеттім, ал қазір 40 жастамын және мен әлі күнге дейін сырғанаймын, - дейді Сергей Илющенко. - Бұл жарыстар- достарға оралу, "жастық шағымыздың" командасымен қарым-қатынасты сақтауға тырысамыз.

"Аяқтарым жүгіріп тұр, бірақ старттан кейін ауырады, - деп күледі Василий Манжос, - алайда мен 15 жасқа жасардым, себебі мұндай сезімдерді дәл сол кезде бастан кешірген едім. Мен кәсіби тік тұруды қабылдамадым және көп жылдар бойы жарыстарға дайындалу мақсатында мұзға шықпадым. Ардагерлер жарысы қажет, себебі бұл жаттығулар үшін мотивация және де ескі достардың кездесуі. Олармен ешқашан ұмытылмайтын "Медеу" атмосферасына кіруге болады, өйткені бұл мұз айдыны менің екінші үйім болды, онда мен шын мәнінде бес жыл өмір сүрдім. Бұрын бұл жерде абыр-сабыр болып жататын, Ресей, Украина, Белоруссиядан командалар келетін. Әр сағат санаулы, барлығы қайнап жататын. Осындай мұз айдыны Альбервиллде 1650 м биіктікте салынған, бірақ Олимпиада ойындарын өткізгеннен кейін оны бұзып тастаған, Солт Лейк Ситидегі биік таулы жабық мұз айдыны бар, бірақ егер жарнаманы іске қосып, "Медеуде" коньки тебу спортының жұлдыздарын жинаса, көптеген әлемдік рекордтар соғылатын болады. Өйткені, егер тамаша жағдайға, тіпті "құбырға" – тап болсаңыз құйындау кезінде ауа райы өзгерген сәтте мұнда екі циклон кездесіп, жел спортшылардың арқасынан соғып, "Медеуде" тамаша нәтиже көрсетуге болады".

"Мұз тамаша, керемет, - дейді үш Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы және жүлдегері Радик Бикчентаев. - Мен "Медеуді" жақсы көремін, бұл бірегей стадион және мұз айдынының өмірі жалғасып жатқаны да керемет. Бізді шаруа, отбасы, жұмыс ұстайды, бірақ егер ниет болса, әрдайым сырғанауға уақыт табуға болады".

Жарыстың екі күні ішінде әртүрлі жас топтарында және әртүрлі дистанцияда Татьяна Епанешникова, Лейла Утегулова, Алексей Тютин, Евгений Дмитриев, Санжар Хасанов, Михаил Киль, Николай Ульянин, Ермек Ақылбеков ерекшеленді. Ал төрешілер бригадасының мүшесі Елена Мезенцева ардагерлер жас әрі күшті қалпын ұзақ сақтау үшін, жастарға белсенді және дені сау болу қандай маңызды екенін көрсету үшін жарысқа түсетінін айтты. Төреші Владимир Лебедев, ардагерлер жарысы – конькимен жүгіру спортын насихаттаудың бір түрі екенін атап өтті- өз кезінде көптеген рекордтар жасалған «Медеуде» рекордтар қоры, шипажайы және ұстаханасы болды. Сол уақытта жаттығып жүрген спортшылар осы жерге жерде жаттығуға тырысатын, мен бұл мұз айдынды тек бар болғаны үшін жақсы көремін".

Галина Муленкова

_____________________________________________________________________________________________

 

Қымбатты достар!


8 наурыз да алыс емес! Сіз сұлу аруларыңызды қалай құттықтауды ойладыңыз ба?

Бұл күні «MEDEY» MYZ AIDYNY» кешенінде біз сіздерге жаппай белсенділік пен сыйлықтар дайындаудамыз, сіз би флешмобына катысуыңызға болады.

Аналарыңызға, әпке-қарындастарыңызға, жұбайларыңызға, әжелеріңізге және құрбыларыңызға жарқын эмоциялар сыйлаңыз. Сүйікті мұз айдындағы бұл күн олардың есінде ұзақ жылға қалады

_____________________________________________________________________________________________

 

Қымбатты достар!

Ауа райы бізді шуақты күндерімен қуантуда!

Демалыс күндеріндегі күн райы цельсий бойынша +2+ 7 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай күндері мұз жабындысы қосымша суытуды қажет етеді және біздің мұз қызметі мұз сапасын қалпына келтіру үшін бәрін жасайды. Осылай бола тұрғанмен біз калыпты режимде жұмыс істейміз, сондықтан да біздің қымбатты қонақтарымыз үшін ашықпыз.

Мұндай ерекше шуақты күндері Сіздерге сүйікті мұз айдынға таңғы және кешкі сеанстарға келуді ұсынамыз.

__________________________________________________________________________________________

 

«МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДАҒЫ  ХОККЕЙ КҮНДЕРІ НАЗАР АУДАРДЫ


«Медеу» мұз айдынында «қысқы классика» форматында хоккей күндері өтуде. Ауа- райы болса... Алматыда жаңбыр жауып, күн жылынса, «Медеуде» - мұз айдынын жеп қоятындай қалың тұман түсті. Содан кейін ұзақ уақыт бойы қар тоқтамастан жауды, бірақ мұз қызметі ауа-райының күрт құбылсынан  қорықпады, мұз жинау техникасы күндіз де, түнде де дамылсыз жұмыс істей берді.
«Хоккей күндерін»  ұйымдастырушылар балалар жарыстарын шатыр астына ауыстырды, ал 14 ақпанда "Алматы" және Петропавлдық "Құлагер" жастар командалары арасында Қазақстан чемпионатының бірінші ресми матчы өтті. Шайбаны сиволикалық түрде қазақстандық хоккей федерациясының атқарушы директоры Андрей Сачук  лақтырды.
«Бұл ашық аспан астындағы қазақстандық хоккей тарихындағы алғашқы ресми матчтың алдында символдық лақтыру, - деп атап өтті Сачук. - Біз балалар мен әуесқой турнирлерді өткіздік, ал бүгін ел чемпионатының ресми матчы өтті. Біз ресми ойындарды, әсіресе жастар арасында, ашық мұз айдындарында жарыстарды  өткізіп көрген емеспіз, қазақстандық хоккей тарихы үшін бұл өте қызықты» .
«Алматы» - «Құлагер» кездесуінің есебі 5:4. Бұдан кейін ресейлік әуесқойлар мұзға шықты. "Зверобой" бапкері Дмитрий Мальцев: «Орыс классикасы» Красноярск қаласында 2012 жылы минус 30 градуста өтті. Ал бүгін күн жарқырап, керемет атмосфера орнап тұр. Барлықтарыңызға қонақжайлығы үшін, кез-келген ауа райында мұз өте жақсы жағдайда болғаны үшін рахмет!»
Ресей жанкүйерлері «Медеу»  мен жаңбыр, күн мен қарды көргендері үшін қуанды. Сондай-ақ, мұз айдынын жақсы тазаланып, қар да, тұман да ойыншыларға кедергі келтірмегенін атап өтті".
  Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, республикалық және қалалық хоккей федерациясының, "MEDEY MYZ AIDYNY","HOCKEY WORLD", "Kimex & Grazia", "Рахимжан"сауда желісінің қолдауымен өтеді.
"Медеуде" хоккей күндерін осы спорт түрін көпшілікке тарату тұрғысынан асыра бағалау қиын.

__________________________________________________________________________________________

 

Қымбатты достар!

15 ақпан сенбі күні, «MEDEÝ MUZ AIDYNY» ерекше кестемен жұмыс істейді:

 

Бірінші сеанс - 10:00 — 19:00

Екінші сеанс - 20:00 — 23:00

Енді Сізде күні бойы сүйікті мұз айдынында өткізуге тамаша мүмкіндік бар!

__________________________________________________________________________________________

"МЕДЕУ" МҰЗ АЙДЫНЫНДА СПИДВЕДЕН ЖЕКЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫ АЯҚТАЛДЫ

"Медеуде" Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM) қамқорлығымен мұз үстіндегі мото жарыс бойынша жеке әлем чемпионатының 1 финалының екінші күні өтті. Жарысқа Қазақстан, Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Чехия, Швеция елдерінен 18 "мұз гладиаторлары" қатысты.

Турнирдің екінші күнінде финалға тек ресейліктер шықты. Бірінші күндегідей, Даниил Иванов көшбасшылыққа шықты. Онымен бірге Дмитрий Хомицевич пен Дмитрий Колтаков тұғырға көтерілді.

Халықаралық мотоцикл федерациясының трек комиссиясының директоры Армандо Кастанья қорытынды баспасөз конференциясында: "Жеке әлем чемпионаты финалының Алматы кезеңі жақсы өтті, бірінші күннің қорытындысы бойынша Австриядан келген Харольд Саймон үздік үштікте орын алды, бұл оның әлем чемпионаттарындағы алғашқы подиумы"деп атап өтті.

Жеңімпаз Даниил Иванов былай деді: "Біз "Медеуге" бесінші рет келеміз және ортатаулық жағдайда техниканы қалай баптауға болатынын білеміз. Бүгінгі күні мен тек бір рет жолымнан ұтылып қалдым - төртінші жолда стартты дұрыс бастамадым, содан кейін ішкі жолмен жүрген Харольд Саймон мен Яспер Ивемді айналып өту қиын болды. Мен оларды ұққанша, Игорь Кононов алға шықты, бірақ қалған айналымдарда жеңіске жеттім. Барлық ресейліктер жеңіске жетуге ниеттенеді, алдымызда 8 кезең бар және күрес тек енді басталады".

ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев: "Біздің спортшылар негізінен өздерінде- Қостанайда жаттығады. Арнайы стадиондар жоқ, олар мұз құюға тырысады, өзендерде сырғанайды, федерация оларға қолдау көрсетуге дайын. Келесі жылы әлем чемпионатының кезеңін Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр, бірақ қай қалада екені шешілген жоқ. Біздің спортшылар осы чемпионаттың командалық кезеңіне қатысады".

Көрермендер мен жанкүйерлер арасында авто және мото шабондоздар көп болды. Ардагерлер арасындағы ҚР чемпионы Виталий Попов он жастан бастап мотокросспен айналысады, Алматыда өткен спидведен әлем чемпионаттарының біреуін де жіберген жоқ. "Бұл әлем чемпионаты бізде "Медеу" мұз айдынында өтіп жатыр және біз достарымызбен әлемнің ең мықты гладиаторларының сапын көре аламыз, - дейді белгілі мотошабондоз- Егерде қазақстандық команда көшбасшысы Владимир Чеблоковтың мотоциклі он жылға жаңа болса, табысқа жету мүмкіндігі көп болар еді".

Естеріңізге сала кетейік, екінші және үшінші финал ресейдің Тольятти мен Шадринск қалаларында өтеді, ал жарыс чемпионаты Германия мен Нидерландыда аяқталады. Әлем чемпионатының командалық финалы Берлинде өтеді және жарыс тарихында тұңғыш рет оған қазақстандық мұз гладиаторлары қатысады.

__________________________________________________________________________________________

 

 

 

Құрметті шайбалы хоккей әуесқойлары

11-15 ақпан аралығында қазақстандық хоккей тарихында алғаш рет Алматыда қысқы классика форматына өтеді.

Аты аңызға айналған биік таулы «Медеу» кешенінің ашық мұз айдынында Қазақстан Респбуликасының Жастар хоккей лигасының «Жастар» тұрақты чемпионатының матчы, 2008- 09 жылы туылған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан хоккей клубтарының арасындағы Халықаралық балалар мен жасөспірімдер турнирі, Алматы, Мәскеу және Нұр-Сұлтан қалаларының әуесқой командалар арасындағы жарысы, "А "және" Б "дивизиондары әуесқой командалар арасындағы Алматы хоккей лигасының кезекті ойындары өтеді.

Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі хоккей күндерінің басты оқиғасы «Легенды Хоккея» командасының Қазақстан хоккей ардагерлері құрамасына қарсы матчы болмақ!

15 ақпанда мұзға: Макаров Сергей, Гусаров Алексей, Жамнов Алексей, Касатонов Алексей, Немчинов Сергей шығады.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан және Алматы хоккей федерацияларының, "Медеу" БТСК, "HOCKEY WORLD", "Kimex & Grazia", "Рахимжан" сауда желілерінің қолдауымен өтеді.

Іс-шаралар бағдарламасы және билет сату туралы ақпарат 1 ақпаннан бастап www.medey.info сайтында. 

Балалар турниріне қатысущылардың құрамы:
Алга – Бишкек
Бинокор – Ташкент
Рахимжан – Алматы
Медведи – Алматы
Стрижи – Алматы
Торнадо - ШымкентСостав участников турнира любительских команд:
Зверобои - Москва    
АЛХЛ - Астана    
Рахимжан - Алматы    
Сборня города Алматы

_________________________________________________________________________________________________________

 

Құрметті достар!

Мұздағы мотожарыс бойынша Әлем чемпионатының өткізілуіне байланысты 28 қаңтар сағат 16.00- ден 03 ақпанға дейін жаппай сырғанаулар өткізілмейді. Біз жұмысымызды сейсенбі, 04 ақпанда жалғастырамыз.

__________________________________________________________________________________________

 

 

“Спорттық ұзақ ғұмыр” клубы үміткерлерді  тіркеп жатыр

2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы әкімінің нұсқауы бойынша «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» алаңында барлық санаттағы зейнеткерлер үшін  тегін кіру ашылды, бұл тек коньки әуесқойлары ғана емес немерелерін ілестірген аталар мен апалар үшін де. «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» басшылығы зейнеткерлердің мұз айдынына кіруін әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз ету жолын іздеді. 2019 жылы желтоқсан айында тіркелген "Спорттық ұзақ ғұмыр" Бірлестігін құру туралы шешім қабылдады.

"Әкімнің "Медеуге" зейнеткерлерге тегін бару бастамасы- бұл, негізінен, стадиондардың, фитнес- орталықтардың, клубтардың, жаттығу залдарының, бассейндердің, яғни қаланың барлық спорт мекемелерінің иелері мен басқарушыларына қарт алматылықтарға көңіл бөлуіне шақыруы, - дейді Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясының директоры Наиль Нуров. - Біз Сағынтаев мырзаның идеясын қолдап, меценаттарға, спорттық бизнеске, осы қозғалысқа қатысуға шақырамыз. Жақын арада клуб мүшелері басқа спорт ғимаратына кіру үшін абонементтер мен рұқсаттамалар алатынына сенгім келеді. Бірлестік ұйымдастырушыларының жоспарында- ардагерлер денсаулығын нығайту және зейнеткерлердің өмір сүру сапасын арттыру үшін спорттық іс-шаралар өткізу, көрмелер, конкурстар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізуді, дене шынықтыру мәдениетін насихаттауды және қала тұрғындарын сауықтыруға жәрдемдесуді көздеп отырмыз".

Үміткерлерге кіру үшін www.sportfamily.kz сайтына кіріп,  тіркеу картасын толтыру қажет, фотосуретті, жеке куәліктің көшірмесін де қоса беріп, өзіңіздің қандай спорт түрлерімен айналысқаныңызды көрсетіп, өз спорттық тарихыңызды қысқаша сипаттау қажет. Клубқа қабылдау туралы шешім осы мәліметтер негізінде қабылданады. Бірлестікке кірген адамға "Спорттық ұзақ ғұмыр" бірлестігінің қамқорлығымен өткізілетін барлық іс-шаралар мен спорттық оқиғаларға қатысуға, сондай-ақ "Медеу" мұз айдынына тегін кіру  құқығын беретін атаулы клуб картасы беріледі.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

 


«Медеудің» оң жақ мінбесіндегі ақ көгершіндер баспанасы

 

Кезінде мұз айдынға жабайы қаздар мен көбелектердің үйірімен қонатыны, еліктердің орманнан жолға шығатыны Медеу шатқалының ескі тұрғындарының әлі есінде. Қазір бұл жерде асыл тұқымды көгершіндер ұшып жүр.

Үйлену тойында әдемі құстарды аспанға ұшыру дәстүрінің ежелгі тамыры бар, біреулер көгершіндер үйге қайтып оралады деп те сендіреді. Бұл аңыз емес, бірақ Медеу үстінен ұшатын ақ құстар осының кері дәлелі. Кептершілердің пікірінше, тіпті елді мекендердегі барлық құстар үйлеріне орала бермейді, ал шатқалда олар бағдарынан айырылып, тау арқылы ұшып кете алмауы мүмкін.

Еркіндікте бақытты жас жұбайлардың қолынан ұшып шыққан нәзік "үйлену" құстары суықтан, аурудан, қуаңшылықтан өледі, оларға кезқұйрықтар тап береді, мысықтың табанына және автомобиль дөңгелегінің астына түседі. Көгершін асырау- табысты бизнес болуы тиісті, бірақ істің астарында жауапсыздық жатқан сияқты көрінеді. Бұл құстар адамның жанында тамақтанатын, барлық жерде жүре беретін қалалық көгершіндер емес, тұтқында өскен, бейімделмеген құстар.

Дәстүр бойынша, үйлену тойының кортеждері биік таудағы мұз айдыны сияқты республикалық мәндегі, мемлекеттік қала және сәулет ескерткіштерінің қасына келеді. Осы жерлерде өз баспанасын шатырлардан іздеп паналайтын, қолға үйретілген көгершіндерді еркіндікке жібереді. «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» әкімшілігі ізгілік танытып, жауапкершілікті өз мойнына алды: күзет күркесінен оларға үйшік жасап, қап бидай сатып алды, ал құстарды аулап алып, жарығы бар, жылытулы суы бар жаңа үйге орналастырады. Осылайшы олар тамақтануға және шатыр астында түнеуге үйренеді, күндіз бостандықта ұшады.

Өткен жазда үйірде қырықтан астам көгершін болатын, қазір олардың саны жиырмадан артық емес. Жас жұбайлардың қолдарынан ұшқан қанаттылар мұз айдынның оң жақ мінбесіндегі өз үйлеріне оралу үшін «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» әкімшілігі жазғы уақытта көгершіндері бар торларды көрнекті орындарға шығаруды жоспарлап отыр.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

 


WinterFest. Алматының үздік адамдары – «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» мұзында

«MEDEÝ» MYZ AIDYNY» кешенінде WinterFest фестивалі өтті. Олимпиадашылар, белгілі спортшылар, таэквондо мектебінің тәрбиеленушілері, Almaty Triathlon Federation, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының, «Стрижи» хоккей клубының, Қазақстан шахмат федерациясының, «Евразия» скандинавиялық жүріс мектебінің нұсқаушылары, «Almaty Marathon» ұйымдастырушылары, параспортшылар командасы мұз үстімен ұрандары жазылған туларымен сырғанап өтті.

Жиналғандарды Алматы қ. әкімінің орынбасары Е.Ж.Бабақұмаров және «Tan Media Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов құттықтап, сөз сөйледі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қ. бойынша департаменті, «Динамо» ДСБ және ҚР ҰОК спортшылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысқан «Жемқорлықсыз спорт» акциясын өткізді.

Спорт ардагерлері мұзға шықты. Олимпиада чемпионы Сергей Котенко аты аңызға айналған "Динамо-Алма-Ата"командасында ойнады. "Мен КСРО құрамасының сапында болған кезде, - деп еске алады ватерполист, - біз "Медеуде" үнемі жаттығып жүрдік. Хоккей ойнадық, "Шымбұлаққа" көтерілдік, бассейнде жүздік, ал бұл тамаша мұз айдын сол күйінде қонақжай әрі жарық болып қала береді".

Биатлоншы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева Алматыда бұрыннан тұрады және мұз айдынында жиі болады. "Керемет фестивальді өткізу орнының өзі –сиқырлы. Мен отыз жыл бойы конькиде тұрған жоқпын, міне бүгін тұруға бел будым. Мен "Медеуді" жақсы көремін, тауларды жақсы көремін мен адамдардың мінбеде емес спорттық іс-шараларға ат салысқанын жақсы көремін. Бұл фестивальде ең бастысы-белсенділік".

"Шектеусіз спорт" командасының өкілі Данияр Базарбек былай деді: "Біз инклюзивтік қоғамды дамытамыз, біздің миссиямыз - спорттың барлығы үшін, егер мүмкіндігі шектеулі адамдар спортпен шұғылдана алатын болса, дені сау адамдарға неге белсенді өмір салтын ұстамауға болатынын көрсету".

Жеңіл атлетші, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина: "Мен "Медеуді" жақсы көремін. Мектепте оқып жүрген кезде, біз мұнда көтеріліп, конькимен сырғанап, біздің мектеп үшін жарыстарда өнер көрсететін едік"- деді.

Альпинист Мақсұт Жұмаев "Әлемнің 14 ең биік шыңы" бағдарламасын орындап, Эверест шыңына екі рет шыққан, биік таулы мұз айдынында хоккей ойнайды және жиі жаттығады. "Мен үшін" Медеу» -таулар, мұз және еркіндік. Мен таудың саф ауасын жұтып жүріп, мұздың үстімен қозғалуға болатын басқа орынды планетада білмеймін. Альпинистер тік мұз үстімен жүруге үйреніп алған, ал мұнда мұз көлденең, менің хоббиім - шайбалы хоккей, "Медеуде" жаттыққан өте жақсы!».

Грек-рим стиліндегі балуан, Атлантадағы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко: "Көптеген рекордтар қойылған тарихи спорт кешені - бұл уақытты жақсы өткізуге болатын орын, ал "Медеуге" үнемі келіп жүрген Алматы тұрғындары конькиде нық тұрады. Бұл жер сонымен қатар, салауатты өмір салтын сүйетіндерді біріктіретін алаң".

"Евразия" скандинавиялық жүріс мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко Ресейден келді. "Мені алматылық деп санауға болады. Бес жыл ішінде біз көптеген іс - шаралар өткіздік, ал "Медеу" - солтүстік жаяу жүріс үшін жақсы орын, сонымен қатар ол біздің отбасылық демалысымыздың сүйікті орнына айналды. Жылдың кез келген уақытында мұнда таза ауа және әрқашан мерекелік атмосфера".

Өз мотоциклімен белгілі байкер-жер шарын айнала саяхат жасаған Дмитрий Петрухин келді. "Коньки, шаңғы, мотоцикл- менің өмірім! – деді ол. - Мен "Медеуді" сүйемін!».

"Медеу- бұл Алматының мақтанышы, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров. – Алматылықтарға сүйікті орынға айналу үшін қала тұрғындарының мұз айдынын жақсы көретіні және қорғайтыны маңызды".

Жарқағаз

Свяжитесь с нами

Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз әрі ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз
Биік таудағы «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» клиенттерді қолдау қызметінің телефоны:
8 727 232 68 48