Медеу спорт кешені – теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте Медеу биіс тау шатқалында орналасқан таулы спорт кешені. Спорттың қыстық түрлеріне арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың метр болатын әлемдегі ең ірі биік таулы кешен. Мұз айдыны бүгінде әлемдегі тауда ең биік орналасқан коньки тебу ашық стадион болып табылады. Мұз кұю үшін биік тау мен таудың мөлдір суы коньки тебу спортының жоғары нәтижелеріне септігін тигізбей қоймады. Мұнда ерлер мен әйелдер арасында барлық қашықтықта 200 аса әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» «рекордтар фабрикасы» мәртебесіне ие және бұрын болған және қазіргі уақытта жұмыс істейтін мұз айдындары арасында әлемдік реконрдтар саны жағынан көшбасшы орында тұр. «Медеуді» жобалаған сәулетшілер мен инженерлер 1975 жылы ҚССР-дің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. 2008 жылдан бастап «Медеу» Қазақстан Республикасының қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады.
«Спорттық рекордтар фабрикасының» құрылысы 1949 жылы басталды, ал алғашқы ресми Бүкілодақтық жарыстар 1951 жылдың 4-5 ақпаны аралығында өткізілді. 1951-1970 жылдар аралығында келешек спорт кешенінің орнында табиғи мұзы бар сырғанақ жұмыс істеп тұрған. Бұрынғы «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» әлемге 52 рекорд алып келді.
1970 жылдары жасанды мұзы бар биік таулы спорт кешенін құру туралы шешім қабылданды. «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» мұз айдынының құрылысы екпінді халық құрылысы деп жарияланып, оған 1300-ден астам қатысты. Құрылыс ауқымы мен қол жеткізілген нәтиже «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» адамзат тарихындағы ең ұлы спорт кешендірінің бірі деп санауға құқық береді. Әлемнің түүкпірінен келген конькитебушілер әлемдік рекорд жаңарту үшін өздерін сынауға бел буып, дүние жүзіндегі ең тез сырғанайтын мұзда өз күштерін сынау үшін кезекке тұратын. Жарыстар күндіз және түнде прожекторлар жарығында өтетін.
Туған күні
1972 жылдың 28 желтоқсанында салтанатты түрде мұз айдыны ашылды. Жаңа мұз айдынындағы алғашқы ресми жарыстар дәстүр бойынша «Медеудің» туған күні деп есептеледі.
Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз әрі ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз
Биік таудағы «MEDEÝ» MYZ AIDYNY» клиенттерді қолдау қызметінің телефоны:
8 727 232 68 48