билет сатып алу жалға алу камера карта Жаңалықтар Акциялар

Құрметті достар!

Егер Сіз осы мәтінді оқып отырсаңыз, онда сіз «Медеуді» сүйгеніңіз және онда болып жатқанның барлығы сіз үшін қызықты. Сіз бізбен біргесіз! Бұл дегеніміз сізді «Медеудің» келешегі мен өткені қызықтырады. Бұны білу бізге маңызды, себебі жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бәріміз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Біз кімбіз? Біз спорт саласының кәсіби менеджерлеріміз. Қазақстанда Азия ойындары мен Универсиаданы сәтті өткізген командамыз.

Біздің миссиямыз – әйгілі «Медеу» таулы мұз айдынына конькимен ең тез сырғанайтын мұз стадионы атағын, мыңдаған адамдар Іле Алатауының керемет көздің жауын алатын табиғатының айналасында белсенді демалатын, Алматының басты көрнекі жері атағын қайтару болып табылады. Біз «Медеуге» оның тарихи келбетін қайтарудан бастадық. Оның қасбетінен жарнама алынып, «уақытша тұрғызылған» жеке меншік сату орындары сүрілді. Стелласына әдеттегі қызыл түсті әріптері бар тарихи жазуы қайта орнына қондырылды. Көру алаңы босатылды. Бүгін стадион оны 1972 жылы сәулетшілер ойластырылғандай күйінде. Мұның маңыздылығы «Медеу» спорттық және сәулетті көрнекі жер. Біз осыдан 50 жыл бұрын қаланған стадион мәні іштей және сырттай сай болуын қалаймыз. Бұл шынымен де бірден бір объект. «Медеу» коньки тебу стадионы ұғымынан әлдеқайда кең. Және жаппай коньки тебу мұз айдынынан да артық ерекше орын. Осындағы күн сайынғы жұмысымызды осы жерді одан да жақсартуға арнаймыз. Бұл жерге коньки тебу спорты бойынша халықаралық жарыстарды қайтару жоспарымызда. Сонымен бірге «Медеу» айдынында әлемдік деңгейдегі хоккей, оның ішінде тек допты хоккей ғана емес, шайбалы хоккей матчтарын өткізу. Балаларға және қалың бұқараға арналған спортты дамыту үшін сапалы инфрақұрылым жасау. Әлбетте, стадион осында күнде өзімен-өзі тамылжып коньки тебуге келетіндер үшін де жақын болуы керек. «Медеудің» көрсететін қызметтері заманауи стандарттарға сай болуы тиіс. Біз ойластырғанның барлығы «Медеу» деген жоғары сапа белгісіне сай болуы тиіс және болады.

Осы мақсатты бірге іске асырайық!

Наиль Нуров

Байланыс

Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз әрі ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз
Биік таудағы «Медеу» спорт кешенінің клиенттерді қолдау қызметінің телефоны:
8 727 232 68 48